Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Тұрар марқұм әкесін көзі тірісінде қалай қуантқанын айтты

Танымал әнші Тұрар Ыдырысов “Еркін подкаст” бағдарламасында әкесі өмірден өтерде үй сыйлап үлгергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/turar__ydyrys

Жас әнші Тұрар Ыдырыс өміріндегі әсерлі сәтпен бөлісті.

“2020 жылы отбасымды Алматыға көшіріп алдым. Алматының сырт жағынан үлкен үй алдық. Әкемді Алматыға көшіріп әкеп, ол кісі осы жақта қайтыс болды. Үлгердім ғой. Бір үлгерген нәрсем болды. Әкеме 2018 жылы диагноз қойылды. 2019 жылы Алматыға келдік. Үй жоқ, ала салатын жағдай да жоқ. Пәтер жалдап, әпкелерімнің үйінде жүрдік. Сөйтіп 2021 жылдың басында үй алдым. Әкемнің денсаулығы нашарлай бастады. Әкем жап-жақсы жүрді, бірақ кейде есін жоғалтып алатын. Сол кезде әкем үйге келді, үлкен үй алдық қуанды. Үйдің сыртына шығып жүретін болды. Кейін жүре алмай қалды. Бір күні жанында жатсам, ұйқысынан ояна салып "Біз қайдамыз?" деді. "Үйдеміз, папа. Өзіміздің үйдеміз" дедім. Әкем "Уфф" деді. Сол сәт өзімді мақтаған кезім. Әттеген-ай бар ғой, әрине. Әкем өмірден өткенде, бірден есейіп кеттім. Шешуші сәтте отбасыма өзім жауапты екенімді түсіндім”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін Тұрар әлеуметтік желіде аналар өз қыздарын әйелдікке ұсынып жатқанын айтқан болатын.

 

Талқылау