Әнші Нұрболат Қанай шаңырақ көтерді
Жастар арасында Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай үйленгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметті желідегі парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ ол неке куәлігі мен жұбайымен бірге түскен суретін жариялады.
“Мағрип намазын бірге оқыдық. Алла Тағала екеуімізге жымиып күлген сияқты. Алла қайырлы қыл. Ал құттықтап қойыңыздар. Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын”, – деп жазды Нұрболат Қанай.

Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған