Әнші Кентал ұлының тұсауын Димаш Құдайбергенге кестірді
Әнші Кентал тұңғыш ұлының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Ол атұстарының тұсауын Димаш Құдайбергенге кестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атаулы сәттің кадрлары әлеуметтік желіде тарады. Мереке кезінде сөз сөйлеген Димаш кішкентай Азаматқа деген ақ тілегін білдірді.
"Бүгін Талғат ағамыздың балапанының тұсауын кесу үлкен мәртебе. "Тұсауын кессең, сенің жолыңды берсе" деп үлкен ниет танытып отыр. Кішкентай балапанымыз үлкен азамат болып, еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өссін", - деді ол.
- "Ол маған бөтен адам емес": Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуімен кездесу туралы ойлап жүргенін айтты
Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңыр, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов, Назима Жәнібекова, Әлия Телебарисова, Дильназ Ахмадиева, Луина той қонақтарының қатарынан табылды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр