Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркіт көлігінің айнасын ұрламақ болғандарды ұстап алған

Әнші Бүркіт ұрылардың қолынан қаза тапқан Денис Теннің өліміне қайғырды. Өнер иесі болған оқиғаға әлі де сене алмай жүргенін жеткізді. Ол өзінің де бірнеше мәрте ұрылардың құрбаны болғанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші Бүркіт көлігінің айнасын ұрламақ болғандарды ұстап алған

“Жаның жәннатта болсын, Денис! Бұл деген сұмдық қой. Автокөлік айнасы үшін тапа-тал түсте… Әлі де сене алар емеспін. Бұған қашан тосқауыл қойылады? Алматыда айна ұрлау оқиғасы жиі тіркеледі, бірақ олар қару ұстап жүреді деп ойламаппын.

Өзім де бірнеше мәрте бұл жетесіздердің құрбаны болғанмын! Бір жолы Төле би көшесінің бойындағы автобазар маңында ұстап та алдым. Бір емес, бірнеше, тіпті 5-6 адам болып бірлесе жұмыс істейтінін байқадым. Демек бұл – банда. Бірнеше рет әйнегімді сындырып та кеткен. Балоныңды кесіп кететіндер де бар. Ондайлар сен артқы дөңгелекті қарап жатқан кезіңде салонда тінту жүргізеді. Оларды “барсеточник” деп атайды. Бұл жетесіздердің үстінен полицейлер қарайды деп те естідім. Енді адам өлтіруге көшіпті. Жаным ауырып әрі ұялып тұрмын. Мүмкін енді билік бұл бассыздықты бақылауға алып, барлығын тиісінше жазалайтын шығар?! Олардың үстінен қарайтындарды да жазалау керек. Жалпы ұрлық үшін жаза ауыр болуы тиіс”, – дейді Бүркіт.

Еске сала кетейік, бұған дейін актер Санжар Мәдиев Денис Теннің басы бос емес қыздарға ғашық болып қалғанын айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау