Әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды
Алматыда Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Ол түнде Абай даңғылында орналасқан лаундж-бардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде бұл ойын-сауық мекемесі елде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан жұмыс істейтіні анықталды.
«Бұл мекеменің есіктері айқара ашық болмаса да, тек сенімді клиенттерді ішке кіргізіп отырған. Олардың қатарында А. Қоңырбаев та болды, ол ТЖ-ні бұзғанын мойындаған. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 10 адам ҚР ҚҚ ӘҚБ-тің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мекеме иесі - гр. Жүсіпов Д., 1992 жылғы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен гр. Қоңырбаевқа 10 АЕК (27 778 теңге - Stan.kz) айыппұл салынды.
Тағы екі адамға 10 АЕК айыппұл салынды. Қалғандары 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», - деді Алматы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Арман Қоңырбаев - қазақстандық әнші, Mysterions тобының солисі. Аша Матаймен отбасын құрған әншінің бүгінде екі қызы бар. Жұлдызды жұп қантарда тағы да ата-ана атанды.