Әнші Алмас Кішкенбаев неліктен тек бұзақылық бабымен сотталды: Бала құқықтары жөніндегі уәкіл түсіндірді
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әнші Алмас Кішкенбаевтың неліктен сексуалды зорлық-зомбылық бабымен емес, “бұзақылық” үшін жазаланғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/a.kishkenbaev
Динара Закиева өткен жылдың жазында қылмыстық кодекске балаларға сексуалдық сипатта тиісу туралы баптар енгізілгенін атап өтті. Жаңа бап бойынша 33 іс тіркелген. Уәкіл танымал әншінің неліктен осы бап бойынша сотталмағанын атап өтті.
"Оны әкімшілік бап бойынша "бұзақылық" үшін жауапқа тартты. Қазіргі кезде қылмыстық кодексімізде 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы жаңа бап бар, бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал бұл құқық бұзушылық жасалған кәмелетке толмаған бала17 жаста", – деді Динара Закиева.
-
"Түрмеге тоғыта берсек, не боламыз?!": Елена Әбдіхалықова басы дауға қалған Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдірді
-
"Жыныстық көзқарасы туралы естігенмін": Блогер Алмас Кішкенбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді
Уәкіл заң жобасы әзірленгенде 18 жасқа толмаған балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы тиісу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылғанын атап өтті, бірақ үкіметтің қорытындысы және мәжілістегі қарау кезінде жас шегі 16 жасқа дейін төмендетілген.
Қылмыстық кодексінің "16 жасқа толмаған тұлғаларға толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу” бабы бойынша 50 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған. Қылмыстық құқық бұзушылық қол тигізу, ауызша немесе жазбаша хабарламалар түріндегі тиісу әрекеттерін қамтиды.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы жазған eдік. Алматы соты әншіні "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алды.