Анна Данченко мәжіліс депутаттығына үміткер атанды
Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко мәжіліс депутаттығына үміткер атанғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ann_2905
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына үміткер атандым. “Ауыл” Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан қатысамын. Сәттілік тілеп қойыңыздар”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен тележүргізушінің әріптестері сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
“Дауысым сенде, Аня! Сәттілік”, “Керемет жаңалық. Сәттілік, Анна ханым”, “Анна ханым, сіз лайықтысыз,сәтілік тілеймін”, “Әбден лайықсыз”, “Жоғарыдағы ағаларға қазақша үйрететін адам болатыны қандай жақсы”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды