Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әңгімелері мүлдем қызық емес“. Жанқош Тұраров Әнару Құрманәлінің сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады

"Қыз зорлады" деген айып тағылған Жанқош Тұраров тағы да мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/zhankoshturarov

"Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", - деді ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ Жаңқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіге шығып, Әнару Құрманәлінің сұхбатына жауап берілетінін айтты. 

“Кешегі сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді сұрағысы келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Бәрін Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін Алла қаласа күтеміз, – дейді Клара Иса.

Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталған болатын. 

Артынша, Жанқош Тұраровтың өзі де "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді. 

Сондай-ақ танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген болатын.

Талқылау