Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аңдығаның VIP казашка болмасын!": Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлына өсиет жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлына арнап тәлім-тәрбиеге толы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ләйлә

Журналист жақында жолдасының жылдық асын өткізген болатын. Бүгінде ер жетіп қалған екі ұлын өзі тәрбиелеп отыр.

“Балам, қателік жасауда тұрған ештеңе жоқ, ең сорақысы – қайталау. Жауапкершілік серігің болсын! Папаң мен мамаңа ренжісең, оларға айтып ренжіп үйрен. Ренжу мен үйден қашу мәселені шешпейді. Біз “old school” (көне мектеп) сенің жаңа сөздеріңді түсінбеуіміз мүмкін. Форсить – кринж емес екенін қайдан білеміз?!. Ата-анамен де арасында рофлить етуге болады. Көп сөйлеу, қыздың дене бітімі мен киімін талқылау – жігіткен сын. Арадағы кез келген мәселені сөзбен шешуге болады. Жұдырық ала жүгірмеген жөн. Майкаң мен шұлығыңды лақтырғанда бірден кірсалғышқа түсетіндей етіп көзде!. Үйге келген қонақтың киімін алып, “Төрлетіңіз!” десең, ол кісі “Әкесі красавчик екен” дейді. Аңдығаның VIP казашка болмасын! Қазіргі “простушка” ертең-ақ “крашиха” болып шығады. “Сертіңе, сөзіңе адал бол! Тегін, жұртын білу - тектілік! Саған әлем сенеді! Шексіз әлемде өзіңді шектеме. Арманыңның шеті болмасын! Қазір атқа міне алу трендте. Не дегенмен, ер қанаты - ат!”, – деп ақыл айтады журналист. 

“Ұлдарымның жасы 17,15-те.
Қазақи тәрбие мен жауапкершілікті балаңызға үйрететін көше емес. Жетпегенін бір-бір краш өсіріп отырған ата-аналар жалғастырсын”, – деді жазба авторы.

Журналистің оқырмандары ұлдарына қандай ақыл айтатынын жарыса жазып жатыр. Бір оқырманы “жастардың тілінде жазғаныңыз ұнап қалды. Бұл балаларыңызбен жиі сырласатыныңызды көрсетті” дейді.  

Талқылау