Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әнді сүйсең, менше сүй…" акустикалық кеші өтті

Абай

Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен "Абай әлемі: Ойдан – өнегеге" әдеби-танымдық апталығы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ән мұрасын дәріптеуге арналған "Әнді сүйсең, менше сүй…" атты акустикалық әдеби-музыкалық кеш өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кеш барысында өнерпаздар Абайдың жүрекке жол табар сырлы әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Ән мен поэзия үндескен тағылымды кеште ұлы ақынның шығармашылық әлемі кеңінен насихатталып, оның ән өнеріндегі мол мұрасы жаңаша қырынан таныстырылды.

АБАЙ (1)

Абай әндері арқылы ұлттық өнердің тереңдігі мен көркемдігі айшықталып, көрермен қауым рухани әсерге бөленді.

Абай (2)Кештің көркін келтіріп, өнерімен бөліскен барлық қатысушыларға және арнайы келген қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Айым Болатқызы
Жексенбі, 09 Тамыз, 2026 16:00