Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог: Қыздар болашақ жарының өз анасына ұқсағанын қалайды

Жігіттер анасына ұқсайтын қыз іздей ме? Иә. Бұл заңдылыққа ешкім де қарсы шыға алмайды. Ал қыздар жігіттерінің әкесіне ұқсағанын қалай ма? Жоқ. Олар анасына ұқсайтын жігіттерді іздейді.

mama

Расымен де, қыздар ішкі көңіл-күйін сөзсіз түсінетін, қамқорлық танытып, қошеметтеп отыратын, қажет кезде жылы шай ұсынатын, қоршаған әлемнің сәтсіздіктерінен қорғап, басу айта білетін адамға зәру. Олар осы адамнан қандай көйлек, қандай аяқ киім киетінін сұрап отырады. Одан өзіне ұнайтын сыйлықтар күтеді. Айлы түндерді бірге өткізіп, таңды қызықты әңгімелермен атырғанды қалайды. Тізімді ұзақ-сонар етіп жалғастыра беруге болады. Жоғарыдағы айтылғандарды нағыз жігіттің қасиеттеріне теңеуге бола ма?

Иә, әкеміздің бұл қасиеттерге сай келмейтіні өкінішті. Әкеңіз мінсіз болған сайын, болашақ жарыңызды жолықтыру мүмкіндігіңіз төмендей береді. Сіздің қолыңыздан алғаш ұстап, бетіңізден бірінші болып сүйген осы азаматқа көп жігіт тең келе бермейді. Әке деген атқа лайық азаматтар қоғамымызда сирек. Олар әдетте ұлдарына қарағанда қыздарын қаттырақ жақсы көреді. Себебі, ұлдарын бейсаналы түрде өздерінің қарсыласы деп біледі. Жігіттердің де белгілі бір қалауы бар екенін ұмытпайық.

Көптеген қыз әкесіз өскен. Екі адамның рөлін атқарған анасы оларға махаббатты қажетті мөлшерде бере алмаған. Ал қанағаттандырылмаған қалаулардың жоқ болып кетпейтіні сөзсіз. Бұл қыз өскен соң осы олқылықтардың орнын толтыратын адам іздейді. Ол қарсы алдында тұрған жігітін туған анасымен шатастырып алады. Жігітінің өзін неге қанағаттандыра алмай жатқанын түсінбей дал болады. Осы сәтте оны балағаттап, мейірімсіз, қатыгез екенін айтып отырады. Ал жігіт өз кезегінде не батыл азамат боларын, не қамқоршы ана боларын түсінбей қалады. Қыз ақыры жігітін кінәлап, жылай бастайды. Оның өзін түсінуге тырыспайтынын тілге тиек етеді. Уақыт өте келе ол өзгеріп, анасы секілді қамқорлық танытады деп ойлайды. Осылайша қарым-қатынастарын тығырыққа тірейді. Енді сүйіктіңізге зер салып көріңізші. Ол кімді есіңізге түсірді? Бәлкім, расымен де, оның анаңызға ұқсағанын қалап жүрген шығарсыз?


Жіберіп алмаңыз:

Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”

Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян

Ерте ұйықтаудың 6 пайдасы

Неліктен 7 сағаттан аз ұйықтауға болмайды?

Талқылау