Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы Алтынай Жолдыбаевадан желідегі ұятсыз суреттерін өшіруді талап еткен

Желіге фото жүктей қалса, бірден сынның садағына ілігетін кіші Жолдыбаеваның соңғы суреті де, оқырмандарын шулатты. Көзін көкке бояп, ерніне сырға таққан Алтынайдың жаңа образын ерсі көрген фолловерлері сылқымды әбден сыбады.

18096560_1894992657433752_1446697843178864640_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Алтынайдың әр посты жағымсыз жазбаларға толы. Алғашқыда оқырмандарымен виртуалды әлемде айқасатын актрисаның кереғар пікірлерге еті үйренгені қашан.

“Ұзын кисең, неге ұзын кидің дейді. Қысқа кисең, неге қысқа кидің дейді. Жабық кисең, тым «монашка» сияқты киініп алыпсың дейді”, – дейді “Джейран” тобының әншісі Алтынай Жолдыбаева.

Бұл Алтынайға сыпайы түрде айтылған сындардың бірі. Алайда артық кетіп, әншінің намысына тиетін фолловерлерінің легі оқушылар көрінеді.

“Тіпті, мектеп кезінде біз білмеген сөздерді олар қазір кішкентай кезден біледі. Сондықтан да, солардың ата-анасы бәлкім көрер деп, басқа адамдардан жақсы сөздер естіп жинақталар, олар айтуға болмайтынын түсінсін деп, мен арнайы пост қоямын”, – дейді Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі.

Жақында Алтынай мектеп жасындағы жеткіншекті жазаламақ болып, желіге арнайы пост жариялаған-ды!

Әнші қыздың ашулануы да орынды. Өнер иесінің парақшасын жіті қадағалайтын жандардың қатарында Алтынайдың ата-анасы да бар. Тіпті, талай мәрте қызына қоңырау шалып, суреттерін өшіруді талап еткен.

“Мен айтамын анама: мама бұл деген инстаграм желісі, бұл жерде адамдар өзіне образ жасайды. Және де сол менің батыл образымды жақсы көретін біраз адамдар бар. Қазақтарға кішкене жаттау, кішкене батылдырақ образдар маған қатты ұнайды. Мен ешкімге солай жазсын деп әдейі киінбеймін”, – дейді әнші.

Бірақ, Алтынай қыз айтқанынан қайтпақ емес! Алдағы уақытта да, жанына жақын образдарды таңдап, жағымсыз пікір жазған желі қолданушыларының жүйкесін жұқартам деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында шешініп тастады (видео)

Жолдыбаевалар: Ашық-шашық киім – бар болғаны біздің образымыз

Жүкті кезінде ішін жалаңаштаған Айнұр Ілиясова сынға қалды (фото)

Оралда ұйымдастырушылар Төреғалидің афишасын қоқыс жәшігіне іліп кеткен

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр