Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулық әйел туған анасының қабырғасын сындырып жіберді

Қарағанды ​​облысында анасын ұрып-соғып, айуандық әрекет еткен қызға шартты жаза тағайындалды.

Анасының басына ыстық су құйған: Озбырлық көрсеткен бойжеткенге шартты мерзім берді

Жаңа жыл мерекесінен кейін Теміртау қаласының тұрғыны кезекті алкогольді ішімдік ішу кезінде балалық кезіндегі реніштерін еске алып, анасын аяусыз ұра бастады. Қашуға тырысқан қарт әйел ваннаға тығылды. Алайда қатты мас болып қалған қызы оны ұруды жалғастырды. Ашуланған ол анасының басын ыстық суға ұстап тұрған. Жәбірленуші есінен танып қалғанша, басын  күйдірді.

Тергеу және жауап алу кезінде әйел қылмысын мойындады. Ол бала күнінде анасының өзін балалар үйіне өткізгені үшін ашуланғанын айтты.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің бет, мойын, кеуде терісінің 2-3 дәрежелі термиялық күйіктері анықталды. Жалпы аумағы 12%. Кеуде қуысының 8, 9, 10-қабырғаларының сынуы бар аралас дене жарақаттарын алған. Өкпесі зақымданып, миы жеңіл дәрежеде жарақат алып, жабық бас-ми жарақтын алған.  

Сот әйелді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сәйкес кінәлі деп тапты. Оған осы бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабына сәйкес, оған барлық мерзім бойынша пробациялық бақылау орната отырып, жазасын шартты түрде өтейді. 

Талқылау