Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Анасын қандай тасжүрек қарттар үйіне өткізеді”: Кенжебек Жанәбілов қарттар үйіндегі қажы анаға сый жасады (видео)

Кенжебек Жанәбілов қарттар үйіндегі қажы анаға құрмет көрсетті. Әнші қасиетті жұма күнінде жақсылық жасап, жақсы амал етуге тырысты. 

Кенжебек Жанәбілов қарттар үйіндегі қарт ананың көңілін аулап, сый-сыяпат әкелді. Ананың батасын алып, тілегін айтты. 

“Тоғыз ай құрсағында көтеріп, 62 тамырынан ақ сүтін идіріп, түн ұйқысын төрт бөліп, жарық өмір сыйлаған ананы қартайған шағында қандай тасжүрек қарттар үйіне өткізеді? 84 жастағы қажы анамыздың батасын алып, көңілін аулап қайттық!”, – деп жазды әнші парақшасында.

“Дастарханың бай болсын,

Қазан-ошағың май болсын.

Төрт түлігің сай болсын,

Ұлың ұяға қонсын, 

Қызың қияға қонсын.

Бергеннен Алла танбасын”, - деп батасын берді қарт ана.

Әншіге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Желідегі көпшілік ризашылығын көрсетіп жатыр. 

“Алла разы болсын. Бәрімізге салихалы ұрпақ нәсіп етсін”, “Ата-анаңа не істесең, алдыңа келеді сол ісің. Ашаршылықта, соғыста ата-анасын қарттар үйіне қазағымыз өткізбеген. Ал қазір тоқшылықтан құтырды ма, апарып өткізе салады. Мейірім иманы жоқтардан қорқу керек. Өз анасын аямаған баладан не күтуге болады?”, “Осы кісілерді үйге берсе, қарт адам болған қандай күшті үйде”, “Кенжебек, рахмет. Осындай ұлды өмірге алып келген анаңнан айналдым, сенің әр басқан қадамыңды халық біледі ғой”, “Мына кісі қандай ауыртпалық жасады деп ойладым. Әлі аяғымен жүрген адам немеренің тәп-тәтті қылығын қызықтап отыратын кезі ғой”, – деп жазды олар.


Талқылау