"Анаң жақында саған барады": Блогер Әсел Асқар екінші баласынан айырылып қалды
Блогер Әсел Асқар кіші ұлынан айырылып қалды. Бұл туралы актриса Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Балам өмірден өтті...Әлиім мені тастап кетті. Менің күлкімнің себепкері. Менің қуанышым. Менің күнім. Жүрегімде мәңгі қаласың...Ол аспанды таңдады…Анаң жақында саған барады”, – деп жазды блогер парақшасында.
Осыдан бірнеше күн бұрын Әсел Асқар ұлынан туа біткен патология табылғанын және қазір өте ауыр жағдайда жансақтау бөілімінде жатқанын айтқан болатын.
“Балаңның ауруын өзіңе ала алмағаннан оған көмектесе алмағаннан артық қорқыныш жоқ шығар. Екі апта бұрын біз жансақтау бөліміне түстік. Мұндай диагноз қойылатыны үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Ұлымда туа біткен жүрек жеткіліксіздігі бар болып шықты”, – деп жазған еді ол.
Айта кетсек, қазақстандық танымал актриса Әсел Асқар екінші баласын осы жылдың қысында дүниеге әкелген еді.
"Қош келдің, Айбек Айбарс Айбекұлы. 25 сағат толғатып, екінші мәрте ана атандым. Жаратушыма балам үшін рахмет", - деп жазған еді жұлдызды ана.