Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамның үлесі бар": Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастроцентр кешенінің кімге тиесілі екенін айтты

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қылмыс болған “Гастроцентр” орталығының кімге тиесілі екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yandex.ru

Зардап шегушінің қорғаушысы Жанна Уразбахова Бишімбаевтан қылмыс болған мейрамханаға қатысы бар-жоғын сұрады.

"BAU" мейрамханасына сіздің қандай қатысыңыз бар? Бұл мейрамхана сізге тиесілі ме?" – деді қорғаушы.

Бишімбаев мейрамхананың өзіне тиесілі екенін айтты. 

"Иә, бұл мейрамхананы мен басқарамын және иесімін", – деді Бишімбаев.

Сонымен қатар қорғаушы Бишімбаевтың осы мейрамхана орналасқан "Гастро орталығына" қандай қатысы барын сұрады.

"Бұл орталықтың белгілі бір үлесі менің анама тиесілі. Онда бірнеше серіктес бар. Солардың бірі – менің анам", – деді сотталушы.

Еске салайық, Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда.

Бұған дейін зардап шегушінің қорғаушысы Жанна Уразбахова Нүкенованың өлімінің себебі жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқығаны туралы жазған едік. 

Талқылау