"Аналарың жол апатына түсті": Көкшетауда алаяқтар екі баланы 18 млн теңге аударуға мәжбүрлеген
Көкшетауда екі жас баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алған 21 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысының прокуратурасының мәліметінше, 21 жастағы жігіт екі кішкентай қызды "аналарың жол апатына түсіп қалды" деп ойдан шығарып, алдаған. Жалғыз емес, сыбайластарымен бірге әрекет еткен.
"А.есімді азамат кішкентай қыздарға анасының жоқтығын пайдаланып, "аналарың жол апатына түсті" деп өтірік айтады. Оған көмектесеміз деген сылтаумен қаскөйлер екі баланы алдап, жалғызбасты әйелдің пәтер сатып алуға жинаған 18 млн теңгесін иемденіп кеткен", – делінген хабарламада.
Сот үкімімен күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады