Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән шырқап тұрып нәрестені сүйіп алған Димаш жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ерекше даусы әрі талантымен әлемге әйгілі қазақ баласы Димаш Құдайберген Сочиде өнер көрсеткен кезінде ән шырқап тұрып сәбидің бетінен сүйіп алды. Өнер иесінің бұл әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ән шырқап тұрып көрерменнің сәбиін сүйіп алған Димаш жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Димаш Құдайберген Instagram желісінде Сочиде өнер көрсеткен сәтінен үзінді жариялады. Ол сахнадан түсіп, залда ән шырқап жатқан кезде сәбиін құшақтаған көрермен әншінің жанына келді. Осы кезде Димаш әнін тоқтатпастан,сәбиді сүйіп алды.

Әншінің бұл әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары тыңдарманының бетін қайтармай, сәбиді сүйген Димашқа тәнті болды.

«Қандай керемет», «Баланы алып шыққаны, оны сүйіп алғаны жүректі елжіретті. Димаш, браво! Керемет концерт», «Сондай жағымды көрініс», «Көзіме жас алдым. Димаш жанына келгенде қобалжып, не істерін білмей қалған алдыңғы қатардағы әйел сияқты толқып кеттім», «Димаш, сенімен туған жерің мақтансын! Сені патриоттығың үшін құрметтейміз және жақсы көреміз», - деп жазды пікір қалдырушылар.

Талқылау