Амстердам әуежайында ер адам ұшақ қозғалтқышына соғылып, көз жұмды
Амстердамның Схипхол әуежайында KLM Cityhopper жолаушылар ұшағының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы ер адамды тартып әкетті. Жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aviav.ru
Оқиға сәрсенбі күні түстен кейін Embraer E190 ұшағы ұшуға дайындалып жатқан кезде болды. Ол Данияның Биллунд қаласына KL1341 рейсін орындауы керек еді.
Нидерландының NOS қоғамдық хабар таратушысы жариялаған кадрларға қарағанда, оқиға терминал жанындағы платформада болған.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерде ұшақтың қасында өрт сөндіру көліктері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері көрсетілген.
Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ. Әлеуметтік желілерде оның әуежай қызметкері болуы мүмкін екені жазылған. Бірақ Algemeen Dagblad басылымының дереккөздері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ер адам қозғалтқыштың жанында күтпеген жерден пайда болғанын хабарлады.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"