Жаратқан менің тілегімді ұмытып кетті: Әміржан Қосановтың анасы өмірден озды
Әміржан Қосановтың анасы көз жұмды. Қаралы хабарды саясаткердің өзі хабарлады.

Қосановтың желідегі жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті.
"Жас кезімде "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңімде: "...Екінші тілек – дара шын, Құлдықты сала сұраймын: Аман болсын анашым - Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын. Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Көпшілік көңіл айтып, сабырлық тіледі.
"Иманды болсын! Қайғырып көңіл айтамыз", "Қайғыңызға отақпыз, жатқан жері жайлы болсын", "Қаза қайырлы болсын, соңы той болсын", "Анаңыздың жаны пейіште шалқысын", "Мойымаңыз, анасынан айырылған адам шын жылайды", деп жазды желі қолданушылары.
Аққыз Қосанова 82 жасына қараған шағында өмірден озды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен