Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қателікпен сотталып түрмеде 46 жыл отырған

Ер адам бірнеше жыл бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндігі болған. Алайда билік өкілдері оның ақталатын біліп әдейі жасырған.

65 жастағы Уилберт Джонс жасамаған қылмысы үшін сотталып, түрмеде 46 жыл отырып шықты.

Уилберт Джонсты 1971 жылы Батон-Руж қаласында медбикені зорлады және ұрлады деген айыппен соттаған. 19 жастағы Джонс емхана алдында медбикені қарумен қорқытып, кейіннен зорлаған. Үш жылдан соң сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Оның сотталуына тек жәбірленушінің айтқаны дәлел болған. Бірнеше жыл өткен соң жәбірленушінің айтқаны дұрыс болмай шыққан.

«Кейде сот қателікті тану үшін көп уақыт алады», – дейді адвокат Эмили Моу.

46 жылдан соң сот Джонстың ісін қайта қарап,оны ақтап шықты.

Тағы да оқыңыз:

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

ШҚО-да өзіне қол салған 6-сынып оқушысы өлер алдында хат жазып қалдырған

Талқылау