Америкалық зерттеушілер мамонттың жүні бар тышқан өсіріп шығарды
Америкалық биотехнология және гендік инженерия Colossal Biosciences компаниясының зерттеушілері 4 мың жыл бұрын жойылып кеткен жануар – жүнді мамонтты қалпына келтірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NTDRussian арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: NTDRussian
Ғалымдар жақында Ресейден табылған мамонттардың қалдықтарынан алынған ДНҚ-ны пайдаланып, олардың терісіне ұқсас қалың, ұзын және қызыл тышқандарды өсіріп шығарды.
"Жүнді тышқанды жасап шығару үшін мамонттардың негізгі белгілерімен байланысты гендерді анықтауға тырыстық. Шаштың өсуі мен май алмасуға ден қойдық. Бұл мамонттарды жасау жолындағы кішкентай қадам", –дейді ғалымдар.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл фенотип мамонттардың суық климатта өмір сүруі үшін маңызды. Азиялық піл, Colossal Biosciences мәліметі бойынша, сыртында жүні болмаса суықта қатып қалады.
“Қажетті белгілерді алу үшін гендік инженерия компаниялары қандай гендерді өңдеу керегін анықтауы қажет болды. Әрбір белгі бір немесе бірнеше гендермен басқарылуы мүмкін”, – дейді ғалымдар.
Colossal Biosciences жүнді мамонттар мен азиялық пілдердің геномдарын салыстыру арқылы қажетті комбинацияларды анықтады. Сосын зерттеушілер тышқандардың генін өңдеп, мамонттың терісіне ұқсас жүн жасап шығарды.
Фото: Telegram Nexta
Colossal Biosciences компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Бен Ламм 2026 жылдың соңына қарай алғашқы мамонт эмбриондарын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Олардың сөзінше, 22 айдан кейін мамонттың алғашқы гендік-инженерлік түрі дүниеге келеді.
2023 жылдың қарашасында Colossal Biosciences жүнді мамонттарды қайта құру уақытын хабарлады. Компания мамонтқа ұқсас түрдің 2028 жылы дүниеге келетінін айтты. Сарапшылар табылған үлгілерден мамонт геномын қайта құруды және қазіргі Азия пілдерінің ДНҚ-сын пайдаланып, бос орындарды толтыруды жоспарлап отыр. Себебі екі түрдің геномдары 99,6% ұқсас.
2025 жылдың қаңтарында Colossal Biosciences 200 миллион доллар (99 миллиард 434 миллион теңге) инвестиция жинаған. Осылайша, гендік инженерия компаниясын қаржыландырудың жалпы сомасы 435 миллион долларға (216 миллиард 268 миллион 950 мың теңге) жетті. Жобаның инвесторлары арасында директор Питер Джексон (Сақиналар әміршісі), Пэрис Хилтон, спортшылар Том Брэди мен Тайгер Вудс бар. Компанияны "Челси" футбол клубының және Лос-Анджелес Доджерс бейсбол командасының тең иесі Марк Уолтер да қаржыландырған.