Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйел бағып алған қызының қазақстандық ата-анасын іздейді

АҚШ тұрғыны бағып алған қызының қазақстандық ата-анасын іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мамасы

Бұл туралы Кристен Демшок есімді америкалық "Kazakh American Association" Facebook-тегі парақшасында жазыпты. 

"Бәріне сәлем! Біз қазақстандық екі қызды бағып алған едік. Кішісінің отбасымен біз араласып тұрамыз, алайда үлкен қызымыздың ата-анасымен байланысымыз үзіліп кетті. Бұған себеп - нөмірлердің ауысуы. Мен олардың есімдері мен мекенжайын білемін. Бірақ олармен қалай байланысудың білмеймін. Олар Көктас деген елді мекенде тұрады. Менің қызымның жасы 17-де, ол өзінің туған ата-анасымен сөйлескісі келеді. Кім бізге олардың нөмірлерін тауып бере алады?" - деп жазыпты америкалық әйел. 

Сөзінше, соңғы рет қазақстандық отбасымен олар екі жыл бұрын хабарласқан.

Еске салайық, бұған дейін Америкалық бойжеткен 17 жылдан кейін Қазақстаннан өзінің биологиялық әке-шешесін іздеуде екені айтылған еді. 

Талқылау