Америкалық әскерлер бар Ирактағы әуе базасы оқ астында қалды
Америкалық әскерлер мен қару-жарақтар орналасқан Ирактың солтүстігінде орналасқан "Балад" әуе базасы шабуылдың астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ирак әскерилерінің мәлімдеуінше, әлдеібреулер "Катюша" оқ ату қондырмасынан 8 зеңбірекпен Бағдаттағы әуе базасын нысанасына алып, оқ жаудырған. Олардың 7 ұшып-қону жолаңына барып тиген. Ирактың төрт әскері жарақат алған көрінеді. Олардың ішінде екеуі офицер екен.
АҚШ орталық басқару аппаратының ресми өкілінің хабарламасына сәйкес америкалық азаматтар зардап шекпепті.
Оқтың қай жақтан келгені әзірге анықталмапты.
Естеріңізге салайық, бұған дейін ирандықтар АҚШ-тың Иракта орналасқан базасына оқ жаудырған еді. Олар атқан 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл тиіпті. Өз кезектерінде Иран әскерилері бұны тек қорғаныс шарасы деп түсірген. Сонымен қатар олар Қиыр Шығыс аумағынан америкалық әскерлерлер шығарылмайынша, тағы шабуыл болады деп айтқан.
Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген