Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"БАӘ пен Израильге шабуыл жасауға дайынбыз": Иран өздерінің АҚШ базасына зымыран бағыттауын қорғаныс шарасы деп түсіндірді

Иран басшылығы АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына шабуылын қорғаныс шарасы екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы Иранның СІМ Мұхаммед Джавад Зариф мәлімдеді.  

"Иран мемлекеті БҰҰ заңнамасында көрсетілгендей, АҚШ-тың азаматтық аймаққа шабуыл жасаған базасына зымыран атты. Біз соғыс отын тұтатып жатқанымыз жоқ, тек өзімізді қорғай алатынмызды көрсеткіміз келді", - деп мәлімдеді Зариф. 

Сонымен қатар ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль араласатын болса, аталған мемлекеттерге шабуыл жасауға дайынбыз деп қорқытты. Өздерінің мәлімдемесінде олар Дубай мен Хайфа қалаларын меңзеген көрінеді. 

"Біз АҚШ-тың қылмысын Израильден жеке бөліп қарастырмаймыз", - деп жазыпты Иран ұйымы. 

Оған қоса, аталған ұйым Иранға қарсы агрессия көрсетіп, өз елдерін шабуылға арналған плацдарм ретінде ұсынуға дайын мемлекеттер олардың қас жауына айналатындығын қосыпты.

Жергілікті БАҚ ақпараттарына сәйкес, Израиль әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке көшіпті. 

Бұған дейін АҚШ-тың әскери базасы шабуылға ұшырағаны айтылған еді. Иран тарапынан атылған 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл жеттіпті.



 

Талқылау