Америка банкротқа ұшырайды – Илон Маск
Америкалық миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік қарызы ел экономикасы үшін аса өткір проблемаға айналып бара жатқанына назар аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Фото: Global Look Press
"Айтпақшы, Америка банкротқа ұшырайды", – деп болжады кәсіпкер.
Осылайша, ол Dogecoin криптовалютасының негізін қалаушы Билли Маркустың жазбасына жауап берді. Жазба "АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бойынша пайыздық төлемдер биыл 1 140 000 000 000 долларға тең. Бұл барлық жиналған табыс салығының 76%-ы" деген тақырыппен жарияланды.
Маск оның табыс салығының төрттен үш бөлігінің "үкіметтің бұрынғы дәрменсіздігі үшін пайыздар сияқты маңызды мақсаттарға" жұмсалғанына "қуанатынын" айтты.
Айта кетейік, Маск бұған дейін Ақ үй басшысы лауазымына жаңа үміткер Камала Харристің миллиардер Джордж Соростың ұлы Александр Соростың "қуыршақ" екенін айтқан еді.
Еске салайық, америкалық кәсіпкер Илон Маск 11 маусымда Apple технологиясына жасанды интеллект технологиялары кіргізілсе, өз компанияларында оны пайдалануға тыйым салатынын жазған едік.
i am glad 76% of the income tax i pay goes directly to important things like interest on past government incompetence pic.twitter.com/H2bqQkmSx3
— Shibetoshi Nakamoto (@BillyM2k) July 22, 2024