Amazon негізін қалаушысының бұрынғы әйелі миллиондаған долларды жайдан-жай бере салды
Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі, әлемдегі ең бай әйелдердің бірі Маккензи Скотт қайырымдылыққа сегіз миллион доллар берді. Тертл-Маунтин қоғамдық колледжі ақшаны ешқандай шартсыз алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мектепте шамамен 500 студент бар, олардың 95 пайызы жергілікті американдықтар. Колледж басшысы Донна Браун сома туралы білгенде қандай әсерде болғанын айтты:
"Естігенде көлік айдап келе жатқанмын. Жол жиегіне тоқтауға тура келді. Таңғалғаннан аузым ашылып қалды. Біз бұған дейін алған ең үлкен сомма 300 мың долларды еді. Сондықтан 8 миллион доллар алу керемет болды"- дейді ол.
Ақша магистрлік бағдарламаны және тұрмыстық қажеттіліктерді дамытуға жұмсалады.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”