Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)
Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды. Жас келін Амантай қажының қатаң талаптарына сай келетін көрінеді.
Амантай қажы Мұхит Сапарбаевтың авторлық бағдарламасына сұхбат беріп, жас тоқалын халыққа таныстырған.
Қыздың пәктігіне баса мән беретін қажы тоқал іздеп жүргенін бірталай уақыт бұрын айтқан болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын берген сұхбатында ол:
«Тоқал болуға лайықты қыз кездессе, өз басым оған дайынмын. Бірақ пәк қыз кездеспей жүр. Қырыққа жуық қыз тоқал болуға келісімін беріп, үйіме де келді. Олардың қыз еместігін біліп, барлығын қуып жібердім. Мен таза қызды бес метр жерден білемін. Бұйыртса, тоқал алатын күн де келеді. Барлығы Алланың ризашылығымен болады ғой», – деген еді.
Енді, міне, Алланың қалауымен Амантай қажы бұрын-соңды тұрмыс құрмаған пәк қызын тапты. Бойжеткен жастығына қарамастан, басынан орамалын тастамайды екен.
Амантай қажы – “Невада – Семей” қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі. 2005 жылғы сайлауда ол Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелген. Ал жас тоқалдың өзі осы сенбі күні “Главный герой” бағдарламасында өзінен үлкен кісіге қалай ғашық болғанын айтып беретін болады.
Жіберіп алмаңыз:
Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды
Қыдырәлінің “тоқалын” жұрт алдында Қарақаттың өзі көрсетті (видео)
Қазақстандық тоқалдар өздерінің егде жастағы күйеулерін қалай “пайдаланатынын” айтып берді