Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып маймылды көріп шошыған азамат оны таспаға түсіріп алды (видео)

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Ла-Кресенте қаласының тұрғыны қызықты жайттың куәсі болды. Америкалық азамат өзінің жұмысы жанындағы орманнан йети маймылына ұқсас жануарды көріп, оны таспаға түсіріп алды.

photo_217560

Америкалықтың сөзіне қарағанда, ол бұталардың арасынан көрген қорқынышты жануар маймылдың үлкен түріне ұқсайды.

Болған оқиғаны жергілікті табиғат қорғау қызметі тергеуге алды, деп хабарлайды LA Times.

Джейк Гардинер белгісіз жанның бақылауында тұрғанын сезген сәтте қолына телефонын алып, видеоға түсіргенін айтты.

Желіде пайда болған кадрдан алып денелі жануарды көруге болады. Гардинер бұл жануардың примат, павиан немесе горилла болуы мүмкін дейді.

Басылымның хабарлауынша, Калифорнияда осындай жануарларды заңсыз асырайтын адамдар көп екен.

Жергілікті билік өкілдері Гардинердің сөзін назарға алып, тергеу аяқталғанша Ла-Кресенте тұрғындарына орманға жақындамауға кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Сирияда соғысып жүрген қырғыз жігіті анасынан кешірім сұрады (видео)

Ата-анасы өзін «Пайғамбар» санаған ер адамға 6 қызын сексуалды құлдыққа берген (фото)

Қорқынышты кадрлар: бес жасар бала бассейнге батып жатты, ал оны ешкім көрмеді (видео)

Ата-анасы телефон алу үшін 2 жасар ұлын сатып жіберді (фото)

Талқылау