Алтынай Жорабаева: Сәбитпен араласпаймыз, бақытты болсын
Алтынай жорабаева алғаш рет Сәбит Әбдіхалықпен ажырасқаны жайлы ашық айтып, көлемді сұхбат берді,-деп жазды Stan.kz.
Қазақстан Ұлттық арнасында жаңадан ашылған «Бақытты әйел» бағдарламасына қонаққа келген танымал әнші Алтынай Жорабаева журналист Мақпал Қаратайдың барлық сұрағына дерлік ашық жауап берді.
Журналист Алтынайдың соңғы кездері “ашылып”, бұрыңғы ұяң бет-жүзінде еркіндік ерекше көріне бастағанын айтты. Тіпті мұны Жорабаеваның отбасындағы соңғы жағдайлардың әсерінен бе деген сұрақ та қойды.
«Әрине, отбасымдағы жағдай менің өзімді ұстауыма, өмір сүруіме әсер етпей қоймады. Өмірдің қара сызығына түсіп қалдым екен деп, мұңайып жүреберген дұрыс емес. Кімнің басында болмай жатыр? Сондықтан бұл жайтты сондай қатты ауыр, басымды көтере алмай қалдым деп айтпаймын. Үш жыл бұрын болды.
Сол кезде қатты ұялдым, «жұрт не дейді» деп алаңдадым. Қазір өз-өзіме келген Алтынаймын. Сәбитпен қазірше мүлде хабарсызбыз. Оған бақыт тілеймін. Өмір болғаннан кейін бәріне де дайын болу керек екен. Неге бақытты болмасқа. Мені екінші рет тұрмысқа шығады дегендер болды. Егер жақсы ер адам ұсыныс жасап жатса, қыздарыммен ақылдаса отырып, шешім қабылдаймын.Бұл менің өмірім. Ешкімнің араласпағаны дұрыс өзгенің өміріне.
Олар да жас емес. Кей журналистер осындай ойымды «үрлеп» өз сөздерін қосып, халықты шулатып та жіберді. Қазір қыздарыма “маған ұқсаған болыңдар” деймін. Мен өзімді бір кісідей үлгілі әйел деп санаймын.
Жорабаева бүгінде төрт қызының тәрбиесіне бар зейінін салып жүргенін атап өтті.
«Президент мемлекеттік концерттің кезінде мені шақырған кезде аяқ-қолым дірілдеді.
Бұл қуаныштан. Ешқандай әнші президенттен осындай мақтау алмаған шығар. Сондықтан осы жағдай мен үшін үлкен қуаныш. Бақыттымын. Төрт қызым бар. Әншілік жолда халық сыйлайды. Сондықтан өзімді бақыттымын деп айта аламын.”,-деді әнші.
Оқи отырыңыз:
Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі
Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)
Сиви Махмуди өзінің қандай атақ алғанын білмей ұятқа қалды
Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді