Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)
Жуырда ғана Астанадан жиһаз салонын ашқан Алтынай Жорабаева жеке бизнесінің жемісін көре бастағандай. Әнші елорда төрінен хан сарайындай зәулім үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жорабаева күні кеше жақын құрбыларына ақ дастархан жайып, қоныс тойын тойлады.
Қадірлі меймандар қатарында белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да болды. Қайрат Нұртастың анасы желідегі парақшасы арқылы қоныс тойдың қалай өтіп жатқанын көрсетті.
“Әр әйел үшін өз шаңырағы мешітпен тең. Төрт гүл қыздары үшін, жинаған несібесінің жемісі, өнерінің жеңісі! Әрбір адамзат баласы осындай кең ак сарайға лайыкты бола білгісі келсе, Астананың төрінде алшақ басып жүргісі келсе, тек бір-бірімізге тілеулес болып… Алтынайдай өжет қыздарымыздан өнеге алу керек”, – деп бөлісті ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Желі оқырмандары Жорабаеваны жаңа қонысымен құттықтап, үйдің берекелі болуын тіледі.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады
Баян Алагөзова: Маған «Баян, жасыңа сай болмайсың ба, ырбыңдамай» деп жазуды доғарыңыздар
Асхат Садырбай: Әлемдегі ең әдемі қыздар – қазақ қыздары, оны бәрі мойындап қойған
Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты