"Алтын белгі" төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады
Қазақстандық интернет сауда желісінде үздік оқығаны үшін берілетін “Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады. Желідегі саудаға байланысты Білім министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Желіде “Алтын белгісін” саудалағын автор Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол білім үздіктеріне берілетін төсбелгіні 500 теңгеге сататынын жазған.
ҚР Білім және ғылым министрігінің айтуынша, төсбелгісін сату заңмен тыйым салынбаған.
“Бұл төсбелгі меншікті зат. Оны иеленушінің сертификатта аты-жөні жазылып арнайы табысталады. Сондықтан оны, басқа біреуге табыстау немесе сыйлау мүмкін емес. Төсбелгі тек коллекционерлерге керек болуы мүмкін ”, – деп хабарлады ведомства.
“Әрине, төсбелі сатуды құптамаймыз. Бірақ, бұны заңмен қудалалай алмаймыз”, – делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз:
180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы
2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды
Шоқыну мерекесін православие қауымынан асып тойлайтын қазақтар елді ашуландырды