"Алтыншысы болады”: Әнші Төреғали Төрәлі желіде жұбайымен түскен видеосын жариялап, жұрттан құттықтау естіді
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жұбайымен түскен романтикалық видео жариялады. Жанкүйерлер Толқынның жүкті екенін көріп, таңғала талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото әншінің жеке парақшасынан
Видеода жұбайын күткен Толқын мен кейін оған бір шоқ гүл әкелген Төреғалиды көруге болады. Ал Толқынның жүкті екенін көрген жұрт жарыса пікір жазып, жұлдызды жұпты құттықтады.
“Тіл көзден сақтасын”, “Керемет жаңалық”, “Тағы да жүкті ме?”, “Бес баласы бар, аман-есен босанса, алтыншысы болады”, “Өте әдемі келіскен жұп”, – деді желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қажеттігі бар бала тәрбиелеп отырғанын алға тартқан еді.
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді