Алтынай Жорабаеваның тағы бір қызы ел алдында шешіне бастады
Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның тағы бір қызы ел алдында шешіне бастады. Бұған дейін үйдің үлкені Аяулым желіні шулатса, бұл жолы оның сіңлісі Айнара жартылай жалаңаш денесін көрсеткен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva
Сәбит пен Алтынайдың некесінен туған төрт қыз бар. Олардың үлкені төртінші курс студенті болса, екіншісі биыл ғана университет табалдырығын аттаған. Бұл жолы елдің аузына іліккені де осы қыз.
Айнара Сәбитқызы Instagram парақшасына жағажайда купальникпен түскен түрлі фото-видеоларын жүктеген. Желі қолданушыларының бір тобы бойжеткеннің дене сымбатына тамсанып, жылы пікірлер білдірген.
Бір қызығы, үнемі жабық киініп, кейінгі жастарға үлгі болып жүрген Жорабаеваның өзі қыздарының бұл қылығына қарсы емес көрінеді. Ол перзентінің ашық-шашық кадрларына лүпіл басқан.
Айта кетсек, бұған дейін Әбдіхалықов пен Жорабаева қызының ЖОО-ға грантқа түскенін айтып, елден сүйінші сұраған еді.
Бұған дейін Жорабаеваның үлкен қызы Аяулым жартылай жалаңаш суретін жариялап, өзін сынағандарға "ата-анасынан бөлек тұлға екенін" айтқан еді.