Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа көлік сыйлады
Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа автокөлік сыйлады. Infiniti маркалы көлігін Әлішер мырза арнайы салоннан алған, деп жазады Stan.kz.
Қуанышты хабарды Жорабаеваның өзі Instagram-да жеткізді.
"Барлық мақтаулар мен мадақтар тек бір Аллаға ғана тән.
Алтынай:
-Жааан?
Алишер:
-Ау жаным?
Алтынай:
-“Жаным”, “сүйем”’ “жақсы көремін” деген сөзді көп айтса, қадірі кетеді деп жатады. Немесе, іштей, үндемей жақсы көру керек дейді көп адамдар. Бұған не дейсің ?
Алишер:
- “Жаным”, “жақсы көремін”, "сүйемін" деп айтпасаң, бір күні ол сөздің тіпті қажеті де болмай қалады… Керісінше, сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, Махаббат беки түседі.
"Ерімнің бұйрығын орындадым": Жорабаеваның күйеуі дезинфекция жайлы жазбаны өшіруді талап еткен
Ал, сіздер қалай ойлайсыздар? Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге ЕСЕЛЕП қайтсын", – деп жазба қалдырды ол.
Әріптестері мен желі оқырмандары әншіні жарыса құттықтады.
"Құтты болсын, Алтуш! Махаббаттарың мәңгілік болсын!”, – деді жақында ана атанған Тамара Асар.
"Супер", – деп таңданды блогер, экономист Дәулет Төлеутайұлы.
"Бақытты болыңыздар", – деп ақ тілегін білдірді ақын Сара Тоқтамысова.