Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтынай тәте жақтырмайды": Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуін әкелік құқығынан айырмақ болғанын айтты

Өзінің өмірі жайлы сыр шерткен отандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға сұхбат берді. Өнер иесі әкесі мен анасы, жалғыз ұлының әкесі Сәбит Әбдіхалықов жайлы, жасаған қателіктері туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/altynaizhorabayeva/aigul_imanbayeva/sabit_abdykalykov

Әнші ажырасып кеткен анасы мен әкесінің тағдырын қайталағанын мойындап, ұлы мен әкесінің ортасына түсіп, араластырмау үшін барын салғанын айтты. 

“Әкем мен шешемнің, туған інімнің өмірі өз баламды әкесінен айырмауыма сабақ болды. Мен де кезінде сені әкеңмен араластырмай, түгел әкелік құқығынан айырып, құжат жинаймын деген қадамдарға бардым. Сол кезде інім өмірі араласпаған әкесіне барған кезде сабақ деп қабылдады. Бұл – маған келген белгі. Баланы әкеден айыруға болмайды деген тоқтамға келдім. Анам әкеме деген қызғанышын білдіріп, араласқанымды іштей қаламай және әкемнің тек жаман қасиеттерін айтқаны сабақ болды. Мен де саған барынша әкеңді жамандамауға тырыстым. Қатты бір ұрысқан кезде саған екі-үш рет "Әкең осындай" деп айтып, эмоциямның шыққанын жақсы білемін. Бірақ дәл анам маған кезінде айтқандай, мен ондай қателік жасадым деп ойламаймын. Сені қызғанған жоқпын. Өйткені мен ата-енемді –  сенің ата-әжеңді күні бүгінге дейін сыйлаймын, жақсы көремін, жүрегіммен, өтірік емес. Ол кісілердің тек жақсылығын көргеннен кейін, ататегін жақсы білгеннен кейін шығар, қызғаныш сезімі болмады. Керісінше, тамырыңды байлауға тырыстым. Әке-шешемнің тағдырын мен қайталадым ғой, сол саған өтіп кетпесе екен дедім. Қателіктер болып, өтіп кеткенін білемін, бірақ әрі қарай тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деген ниетпен әке-шешемнің қателігін саған істемеуге тырыстым”, – дейді Айгүл Иманбаева.

Әнші өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаева мен бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов бас қосқан кезде де ұлы мен әкесінің арасы алшақтап қалмас үшін, араластырудың жолын тапқан.

“Қызғанбауға тырыстым, араласқаныңды қаладым, өзің қаламасаң да, қайта-қайта жіберіп тұрдым. Алтынай мен Сәбит тұрып жүрген кезде де барғың келмей жылап келетінсің. Сол кезде де "Әкең, әкең" деп қинап жіберетінмін. "Мама, Алтынай тәте жақтырмайды" деп жылап келетінсің. Сонда да сені әкеңе жақындата беруім қазіргі жеңісім сияқты көрінеді. Менің жүрегім тыныш, балам әкесіз емес", – деді өнер иесі. 

 

Талқылау