"Алтын орда" базарын рейдерлік жолмен басып алғаны туралы ақпарат расталмады – Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев "Алтын орда" базарын экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері рейдерлік жолмен басып алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агнеттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Бұған дейін Абзал Құспан журналистерге берген сұхбатында Бас прокуратураның "Алтын орданы" рейдерлік жолмен басып алуына мән бермей отырғанын айтқан. Сондай-ақ депутат департаменттің бұрынғы басшыларын рейдерлік басып алуға қатысты айыптады.
"Бұл ақпаратты Telegram-арнадан көргенмін. Сұрақ "Алтын орданы" рейдерлік басып алуға қатысты еді. Бұл дерекке қатысты тергеу жүргізілді. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тарапынан рейдерлік басып алу расталмады", – деді Қойгелдиев.
Еске салайық, Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты пікір білдірген еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген