Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлсіздік пен бас айналу бар": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын баяндап берді

Соңғы кезде денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі алаңдап жатқан оқырман қауымға алғыс айтып, палатасынан сәлем жолдады. 

“Қалайсыздар, достар? Мен МРТ-ға түсуге келдім. Әлі түсірген жоқ. Жағдайымды сұрап жатқандарға көп рақмет! Тілек жазып, тез сауығып кетуімді тілеп жатқандарға Алла разы болсын. Бүгін менің жағдайым жаман емес. Жеңіл түрде әлсіздік пен бас айналу бар. Басымның қатты ауырғаны басылды. Екі күн ем алдым. Ертең МРТ қорытындысы белгілі болады. Бірақ өмір сүремін. Уайымдамаңыздар, сауығып кетемін", – деді кино жұлдызы.  



Сондай-ақ актрисаға оқырмандарының арасынан басы жиі ауыратындар ем сұрап жазып жатыр. 

“Басым ауыра береді. Тамақ іспеген. Бірақ жөтел бар. Басым ауырғанда әлсіреп, ас іше алмай қаламын” деп жазып жатқан оқырманның жанайқайын оқып отырмын. Мұндай сұраққа жауап беруге қауқарсызбын. Дәрігерлердің кеңесін тыңдаған жөн. Негізі, оқырмандарымның айтқан кеңесі – дөп. Бірақ мендегі жағдай бөлек болып тұр”, – дейді актриса. 

Еске салайық, отандық киножұлдыз талмасы ұстап, ауруханаға жеткізілген еді.  

Талқылау