Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық теміржолшы ана мен баланы өрттен құтқарып қалды

Алматыда әскерилендірілген теміржол күзетінің бақылау инспекторы Ғалия Сүлейменова ана мен баланы өртке оранған үйден құтқарып қалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалия жұмыстан үйіне келе жатып, бір қабатты үйдің қасында көмек сұрап, шырылдаған сәбидің дауысын естіген. Үйді өрт шалып, жалыны бет қаратпайды. Ғалия жедел қимылдап, үйдің терезесін шағып, көмекке ұмтылды.

«Өрт үйдің пешінен шыққан екен. Түтіннен ештеңе көрінбейді. Баланы тауып алып, сыртқа шығардым. Артынша оның анасына көмекке ұмтылдым. Ол бұл кезде есінен адасып қалған екен», – дейді Ғалия Сүлейменова.

Жалын шарпыған үйде газ баллоны қалып қойған. Ғалия Сүлейменова көп ойланбастан үстіне су құйып, әйелді құтқарып, газ баллонды сыртқа алып шығуға кіріскен.

Инспектор жедел әрі сауатты қимылдаған. Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі және өрт қызметінің өкілдері Ғ. Сүлейменованың аса жедел қызмет атқарғанын жоғары кәсіби ерлік деп бағалады.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Әйел реанимацияда қалпына келтіру бөлімінде болса, үш жасар сәбидің денсаулығы қалыпты.

Ғалияның өзі екі баланың анасы. Алматы -1 вокзлаында 2017 жылдан бері бақылаушы инспектор болып қызмет етеді.

«Ғалия ерекше ерлік көрсетті. Өзі де батыл қимылдап, анасы мен баласын аман алып қалып, өзі де еш зақымданбаған»,-дейді «Әскерилендірілген күзет қызметі» АҚ Алматы филиалының бас менеджері Равиль Исмайлов.

Тағы оқыңыз:

Алматыда шетелдік фотографқа Көк базарды суретке түсіруге тыйым салды

Сот алдында жауап беріп жатқан Тоқмәдидің қызы құндыз ішігін сатуға қойды

Бәкеден келдім: Астанада алаяқтар әкім атын пайдаланып, мейрамханада тегін тамақтанып келген

Сүйген қызын алып қашқан қазақстандық жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Талқылау