Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел төрт ай бойы әнші Майғазиевтің ізін аңдыған (фото)

Концертке ән орындауға келген  Сәкен Майғазиевті төрт айдан бері іздеп жүрген көрермені «ұстап» алды. Әншінің тыңдарманы ұлының тұсауын тура сахына сыртында Майғазиевке кестіріп алды,-деп жазды кеш қонағы болып барған  Stan.kz  тілшісі.

кес6

Бір жас төрт айлық кішкентай Қанаттың анасы ұлына аяғы ауыр кезінен -ақ әнші Сәкен Майғазиевке тұсауын кестіруді армандап жүрген. Бірақ, әншіге хабарласып, рұқсатын алу оңай болмады дейді ана. Төрт айдан бері инстаграмм парақшасына жазып, Сәкен қатысқан барлық концерттерге үзбей барып жүріпті. Жас ананың арманы осы жолы орындалды.

 

кес5

«Сәкен ағамызды ұстау өте қиын болды. Біз осындай сахна сыртына баруды, әншілердің осы жерде халықпен тілдесетінін білмедік. Әйтпесе, ұлым бір жасында жүріп кетті ғой. Міне, бүгін сәті түсті. Өте қуаныштымын. Біздің тілегімізді екі етпей келіскеніне өте ризамын. Дәл осы Сәкен ағамыздай әнші болса арманым жоқ»,- дейді жас ана Әйгерім Болатжан.

 

кес4

Сахна сыртында аппақ кілем төселіп, шашу шалыған азын-аулақ тойға басқа әншілер де, келген журналистер де куә болды. Ырым болсын деп Сәкен Майғазиев қолындағы ала жіпті бірнеше бөлікке бөліп, сол жердегілерге таратып берді.

кес3

«Бұндай оқиға жиі болады. Қай жерге, қай қалаға барсам да ұл-қызын жетектеген аналар, әжелеріміз келіп тұсауын кестіртіп жатады. Менің  жолымды берсін деп арнайы іздеп келетін халқыма өте ризамын. Мен екі күннің бірінде кішкентай бір сәбидің тұсауын кесіп, қадам жасатамын. Шын ниетіммен қадамдарына нұр жаусын деймін»,- дейді әнші Сәкен Майғазиев.

кес2

кес1

кес7

Оқи отырыңыз:

Димаш қытай әніне бейнебаян түсірді (видео)

«Байдың балалары» Димашқа пародия жасап жұртты күлдірді (видео)

Димаш финалда кіммен дуэт орындайды?

Димашқа Еуропа, Америка, Азия елдерінің үлкен сахналарында ән салу туралы ұсыныстар түсіп жатыр

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр