Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыдағы атышулы алып тиін бұзылмауы мүмкін
Алматыдағы танымал «Тиін» өнер нысаны бұзылмауы мүмкін. Оған белгілі бір өзгертулер енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы қалалық мәдениет және архивтер басқармасындағылардың мәліметінше, ұйымдастырушылар «Тиін» мүсінінің авторы Алекс Ринслермен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, өткен жазда Алматының орталығындағы Атакенттің маңында биіктігі 13 метр, салмағы 12 тонна болатын алып тиіннің мүсіні орнатылған еді. Артынша өнер нысаны жұрттың қызу талқысына түсті.
Тиіннің авторы – ұлыбританиялық танымал суретші Алекс Ринслер. Әдетте ол өзі жасаған туындыларды өртеп жібереді. Ал Алматыдағы сабаннан жасалған тиіннің мүсінін өртемей, бұзу жоспарланған еді.
«Тиін» нысаны үшін бюджеттен 15 миллион теңге жұмсалды. Жобаның жалпы құны – 23 миллион теңге.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес