Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үй сатып алу үшін 1 млн теңгеден беріледі

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға баспана алу үшін 1 миллион теңгенің сертификаты берілетінін мәлімдеді. Ол қалада «Бақытты отбасы» аталатын арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Бауыржан Байбек

Сурет: kapital.kz

Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға баса назар аударып отырған Бауыржан Байбек қалада «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынғанын айтты.

«Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасының көпшілігі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызын құрайды, төлем 18 жылға 2 пайызбен. Біз өткен екі жыл ішінде «Алматы Жастары» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырдық. Құны 10 миллионға дейінгі 238 пәтер жас отбасыларға 5 пайыздық несиелермен берілді. Бұл істе нақтылы тәжірибеміз бар», – дейді әкім.

Айта кетерлігі, жаңадан тұрғызылған үйлердегі несиеге берілетін шағын пәтерлердің құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Биылғы жылы Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден аса пәтер берілмек. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы алдағы 5 жыл ішінде 23 мың пәтердің құрылысы жоспарланып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

10-қабаттан құлаған ер адам киіз етіктің көмегімен аман қалды

Ер етігінің кесірінен құлап, етігінің көмегімен аман қалды

4 жолаушыға телефонын қайтарып берді: Алматыда оқушы автобустағы ұрыны ұстап алды

Ұрының қалтасынан 4 ұрланған телефон шықты

"Оңашада атап өтем сенің туған күніңді": Арман Дүйсенов марқұм анасын еске алды

Композитор анасына арнап бір шумақ жыр жолдарын жазды

Головкин "Ювентус" матчына келіп, Роналдуға жүгінді

Головкин келесі жекпе-жегі өтетін арена туралы әзіл айтты

Ақтауда балабақшада 1 жасар бала көз жұмды

Бүлдіршіннің жанында күтуші болған

Көктайғақ пен боранға байланысты Қазақстанның бірнеше аймағында жолдар жабылды

Еліміздің бірнеше аймағында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады

Оқушы қызды сыныптасы мектеп дәлізінде жарты сағат бойы зорлады

Зорлаушы жігіт бұған дейін қызға сезімін білдіріп жүрген

Қазақстандық спортшы тәжірибелі аргентиналықты ауыр нокаутқа жіберді (видео)

21 жастағы қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда студенттік және дебюттік халықаралық "Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алыс-жақын шетелден келген режиссерлер 5 күн бойы фестивальда бақ сынады

Қазақстанда іздеген қылмыскер Нью-Йорктен табылды

Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды.
Çàãðóçêà...