Алматыда "Сбербанк" қызметкері қайтыс болған клиенттің ақшасын ұрлаған
Алматыдағы Медеу аудандық соты банк қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот анықтағандай, 2016 жылдың наурыз айында “Сбербанк” клиентінің бірі есепшот ашып, оған 7 миллион теңге салып, сосын сәуір айында қайтыс болған.
Банктің №101 филиалында бастықтың орынбасары болып істейтін айыпталушы, қайтыс болған адамның ақшасына ие болуды ойластырады. Бұл үшін ол өзінің қарамағындағы адамды сыбайлас етіп, қайтыс болған ер адамның мұрагері жоқ екендігін дәлел етеді.
“Банк клиентінің есепшотына “Сбербанк онлайн” картасы арқылы қол жеткізгеннен кейін клиенттің шотынан 7 миллион 663 мың теңгені алады”, – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімімен 8 жылға сотталған қызметкер 5 жылға дейін банк саласында жұмыс істей алмайды.
Ал оған сыбайлас болған қарамағындағы адам 7 жылға сотталып, 5 жылға дейін банк саласында жұмыс атқара алмайтын болды. Бірақ, кейін жаза шартты жазаға ауыстырылды.
Оқи отырыңыз:
Қостанай облысында екі баланың анасы іздестіріліп жатыр
“Адамгершілікке жат” ісі үшін жұмыстан қуылған астаналық мұғалім директордың былықтарын жайып салды
Қазақстандық бүлдіршіндер енді ел тарихын мультфильмдер арқылы танып біледі