Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда рэпер Жан Ахмадиев көшедегі жезөкшелерді қамшымен сабады

Алматыда рэпер Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабады, деп хабарлайды Stan.kz.

Арнайы қазақ қыздарын іздеген Ахмадиев алдымен клиент ретінде сөйлесіп, әңгімеге тартады, саудаласады. Кейіннен қыздарға қамшымен сабауға келгенін айтып, оларды қуа жөнеледі.

Видео Инстаграм желісінің ztb_video тобында жарияланды.

– Үшеуіңіз де қазақтың қыздарысыз ғой, иә?

– Иә!

– Қай жақтың қыздары боласыздар?

– Шымкенттен, бәрібір емес пе қай жақтан болатынымыз.

– Былай жалпы намыстанбайсыңдар ма, қазақтың қызы бола тұра осындай тән сатып, ар сатумен айналысып жүрсіңдер ғой.

– Ақша үшін айналысып жүрміз ғой…

Ақша дей ме? Мен онда бүгін сендерді сабауға келдім”, – деді Ахмадиев.

Желі қолданушылары Жан Ахмадиевтің өз бейнебаянына жалаңаш қыздарды түсіргенін жазды. Оны екіжүзді деп айыптап, желідегі қолданушылар санын арттыру үшін “хайп” жасап жүргенін айтты.

“Өз бейнебаяныңда жалаңаш қыздар жүр. Өзің неге ұятсыз бейнебаяндар түсіресің”, “Желі қолданушыларыңның санын арттыруды мақсат еткенше, жезөкшелерді дұрыс жолға түсірудің жолын ізде”, – деп жазады желідегілер.

Тағы оқыңыз:

Оралда қонақ үйден алматылық жігіттің өлі денесі табылды

Шымкентте пайдалану құны 100 теңге тұратын автоматты әжетхана ашылды (видео)

ШҚО-дағы су тасқыны: Глубокоеда үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

Талқылау