Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте пайдалану құны 100 теңге тұратын автоматты әжетхана ашылды (видео)

Бұрын соңды болмаған, әрі автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана Шымкент қаласында ойлап табылды. Қоғамдық бөлменің есігі тыйын қабылдағышына 100 теңге салынған жағдайда ғана ашылады.

Шымкентте ойлап табылған автоматты әжетхана Қазақстанда алғаш ашылып тұр. Оның ерекшелігі бұл ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, тыйын қабылдағышқа жүз теңге салынса, әжетхана есігі өзі автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бейнеролик авторы ақша қабылдайтын автоматтың қалай жұмыс жасайтынын толық баяндайды.

«Мұнда 100 теңге салсаңыз, есік өзі ашылады. Мынау ерлердің әжетханасы болса, ал келесі әйелдердікі», – деп  қалжыңдап түсіндірді видео авторы.

Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты жұмыс істейтін әжетханаға таңқалыстарын білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Ал кейбір желі қолданушылар шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат дейді.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-дағы су тасқыны: Глубокоеда үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді

Алматыда сыбайлас жемқорлықпен айыпталған қызметкер сот орындаушысы болып келген

Ақмола облысында полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен секірмекші болған ер адамды құтқарып қалды

 

Талқылау