Алматыда сыбайлас жемқорлықпен айыпталған қызметкер сот орындаушысы болып келген

Алматыда жеке сот орындаушыларының облыстық палата төрағасы С.Нұғыманов қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын жасырып келген. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Әділет министрлігі Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының облыстық палата жетекшісі міндетін атқарып келген С.П Нұғмановтың ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңды бұзғанын анықтады»,-делінген хабарламада.

Нұғманов сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Кейін ол жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұраннан кейін қылмыстық тергеу тоқтатылған. Алайда С.Нұғманов лицензия алатын кезде бұл жағдайды жасырған.

Осылайша, заңда көрсетілген 140-баптың 2-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен айналысып құқық бұзушылық жасаған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.

Анықталған фактілерге байланысты Әділет министрлігі жеке сот орындаушысы С.Нұғымановтың лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы арызын Бостандық ауданының сотына тапсырды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен секірмекші болған ер адамды құтқарып қалды

Ақмола облысында ер адам жоғары қуатты тоқ бағанасына шығып, сүйіктісіне көңіл білдірді (видео)

Астана тұрғындары сатушының таразыдан қалай жейтінін әшкере қылды (видео)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр