Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құдықтан екі адамның денесі табылды

Алматыдағы Әуезов ауданында құдықтан ер адам мен әйел адамның денесі табылды. Шұғыл көмек көрсету қызметкерлері келіп жеткен кезде олардың екеуі де жансыз күйде болған.

Screenshot_29

Бұл туралы СТВ арнасының “Территория происшествий” бағдарламасында айтылды.

29 қаңтар күні кешкі уақытта кезекшілік бөлімге қоңырау келіп түсті. Жергілікті тұрғындар құдық қақпағынан шығып тұрған түтінді көріп өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Жедел қызмет көрсету қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына, яғни №3 мөлтек ауданына келіп жетті. Жедел жәрдем келіп жеткенге дейін әйел адам көз жұмса, ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, ол сол жерде есін жиды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Куәгерлердің сөзіне қарағанда адам мәйіті табылған бұл құдықта үйсіздер түнейтін.

Оқи отырыңыз:

Қытайда жолбарыс ер адамға шабуылдап жайратып салды (видео)

83 жастағы зейнеткерді өлтірген сантехник жарты миллион теңгені алып кеткен

Қостанай тұрғынын атылмай қалған мылтық өлімнен құтқарып қалды

Қарағанды облысында тұрғындар подъезден үш баланың анасының жалаңаш денесін тапты

Талқылау