Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртенді: Аймақта арнайы штаб құрылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде, Іле өзенінің маңында ашық аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес батпақты әрі жетуі қиын жер бедеріне байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындаған.
“Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының экипажы жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 70-ке жуық адам, 21 техника және "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Үш аймақта лөрт оқшауланғанымен, төртінші аймақта жұмыс күшейтілген режимде жалғасты.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген