Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары тұтқындалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті өңірге қарасты көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұловты тұтқынға алды.

Фото: inform.kz
Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.
«А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұловтың бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, облыс аумағына кедергісіз өту үшін жүк және арнайы көлік құралдарының жүргізушілерінен 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі көлемдегі параны тұрақты түрде алып отырғандығы анықталды», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұлов Талдықорған қалалық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жіберіп алмаңыз:
20 млн теңге пара алған Қорғаныс министрлігінің шенеунігі ұсталды
Ақмола облысында зейнетке шығуына аз уақыт қалған шенеунік пара алып ұсталды
Астанада Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алу кезінде қолға түсті
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі