Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының ортасында су құбыры жарылып, тұрғындарды әлекке салды

Алматыда Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жылу трассасы жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының оқиға орынынан түсірген видеолары тарады. 

“Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысында құбырлар жарылып, асфальт опырылып қалды. Сәтбаев көшесі екі бағыт бойынша жабылды”, – делінген жазбада.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 4 мамырда Байтұрсынов көшесінің шығысындағы Сәтбаев көшесінің бойында болған ақау қалпына келтірілгенін, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы зақымданған жерлерді жөндеуге кіріскенін мәлімдеді.

“Масаншы – Сәтбаев – Марков – Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және диаметрі 500 мм құбырдың зақымдануын жою үшін ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Бұл тасжолды жөндеу 2025 жылға жоспарланған еді. Биыл қайта жөндеу жобасы сараптамадан өтіп, қарастырылады", – деп хабарлады әкімдік өкілдері”, – делінген хабарламада.

Ведомство аталған қала аумағында түн ортасына дейін ыстық су беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. 

Талқылау